«Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру барысында орталық және жергілікті атқарушы органдар бір-бірімен тығыз байланысты жұмыс істей алмады

АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру барысында орталық және жергілікті атқарушы органдар бір-бірімен тығыз байланысты жұмыс істей алмады.
None
None

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаев бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында осындай пікір білдірді.

Оның сөзіне қарағанда, облыс әкімдері бағдарламаның жүзеге асырылуына қатысты ақпараттар мен мәліметтерді дер кезінде әрі сапалы жеткізу талаптарын назардан тыс қалдырды. Ал осы жұмыс талапқа сай орындалғанда орын алған кемшіліктерді дер кезінде жойып, істі одан әрі жетілдіре түсуге мүмкіндік туатын еді. «Екіншіден, облыстарда ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне жауап беретін бірыңғай орган болған жоқ. Бұл мәселемен осы күнге дейін түрлі құрылымдық бөлімшелер айналысуда. Бұл жағдай сумен қамтамасыз етуге арналған құрылыс нысандарын салу мәселесіне кешенді, салмақты көзқарас танытуға мүмкіндік бермеді. Осының салдарынан құрылыс нысандарын салу шарасы мен оған қажетті құжаттар қандай да бір басымдықтарсыз дайындалды»,-деді вице-министр.

Оның айтуынша, еліміздің кейбір аймақтарында сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жерасты суларының бар немесе жоқтығына көз жеткізбестен жүргізілді. Басқаша айтқанда, құрылыс нысаны аяқталған нысанды іске қосу мүмкін болмай шықты. «Осының өзі жергілікті әкімдіктер мен жобалаушы ұйымдардың және жер қойнауын пайдалану саласындағы ұжымдардың араларындағы қарым-қатынастың әлсіз болғандығын көрсетеді»,-деді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар