«Ауыз су» бағдарламасына бөлінген қаржы толық игерілмеген

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ауыз су» бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының біраз бөлігі талан-таражға салынып кеткен.
None
None

Бұл туралы нақты фактілер де бар. Бұл мемлекет қаржысының еліміздің барлық аймақтарында бірдей іске асырылмағандығының көрінісі. Бүгін «Ауыз су» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқыға салған «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері осындай байлам жасап отыр.

Аталмыш кеңес төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтың айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа жолдаған дәстүрлі Жолдауында еліміздің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету халық денсаулығының кепілі екендігін ерекше атап көрсетті. «Жалпы, республиканы ауыз сумен қамтамасыз ету шарасы

8 жылдан бері жүргізіліп келеді. 8 жыл ішінде әрине көңіл көншітерлік істер де атқарылды. Мысалы, орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізу селолық жерлерде 41 пайызға, қалаларда 72 пайызға өсті. Тасымал суды пайдаланатындардың саны 4 есеге азайды. Алайда арнайы жүргізілген сараптама жұмыстары «Ауыз су» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының біраз бөлігінің талан-таражға салынып кеткендігін айғақтайтын фактілердің бар екендігі өкінішті»,-деді қоғамдық кеңес төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы «Ауыз су» бағдарламасына тікелей жауапты Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Рябцев пен оның екі орынбасары жемқорлыққа жол бергендері үшін қылмыстық жауапқа тартылды. «Статистикалық мәліметтер бойынша еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы жемқорлық көрсеткіштері жоғары болып отыр»,-деді О.Әбдікәрімов.

Соңғы жаңалықтар