«Ауызашар» печеньесі Семейде өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде жергілікті кондитер цехтарының бірінде қасиетті Рамазан айының құрметіне «Ауыз­ашар» атты кондитерлік өнімдер жиынтығы шығарылуда. Өндірілген тағамдардың ішінде ши бауырсақ, жент сияқты ұлттық өнімдермен бірге құрма, печенье бар, деп жазады egemen.kz.
None
None

Цех жетекшісі Жанаргүл Жұма­ғалиеваның айтуынша, отандық өнімге көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия елдерінен тапсырыс түсіп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған шағын цехта бастапқыда 2-3 адам еңбек етіп, өнімнің 5-6 түрі ғана шығарылса, қазіргі таңда ол 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған, қанатын кеңге жая бастаған кәсіпорынға айналып келеді.

- Мен мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Сондықтан, кондитерлік цехымызда өнді­рілетін күлшелерімізді қазақы қалыпта атағанды ұнатамын. Мә­селен, «Тақия», «Шаңырақ» деген печеньелер бар. Түр-тұрпатына қарап та атай береміз, - дейді цех жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар