Ауызсу бағасының қымбатшылығы Мұнайлы ауданы тұрғындарына қиындық келтіріп отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа сауал жолдап, 75 мың тұрғыны бар Мұнайлы ауданына қарасты елді мекендердегі ауызсу мәселесі жайлы сөз қозғады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат аудан орталығында орналасқан көп қабатты үйлерге инженерлік жүйелерінің тозуына байланысты соңғы 5-6 жылдан бері ауызсу автокөлік арқылы тасымалданып отырғанын айтты. 2007-2008 жылдары село ішіндегі су құбырлары толығымен ауыстырылып, қазіргі уақытта барлық көп қабатты тұрғын үйлерге ауызсу құбыр арқылы беріліп отыр. Қалған елді мекендерге ауызсу арнаулы автокөліктермен тасымалданады.

Алдағы уақыттарда аудан тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жоспар жасақталып, қаражаттың көлеміне қарай жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғындарға қиындық келтіріп отырған мәселелердің бірі - ауызсу бағасының қымбаттығы. Тұрғындарға құбырмен жіберілетін 1 текше метр ауызсудың бағасы 179 теңге 13 тиын, ал автокөлікпен тасымалданатын  судың бағасы 476 теңге 19 тиынды құрап отыр.

Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы сәуірдің 5-індегі қаулысымен бекітілген Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне Үкіметтің шешімімен 2009 жылғы наурыздың 30-ында оқшау сумен жабдықтау жүйелерін субсидиялау жөніндегі толықтырулар енгізілген болатын.

Осыған орай депутат Зейнолла Алшымбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа: «Аудан тұрғындарына жеткізілетін ауыз судың бағасын субсидиялау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіне талап етілген құжаттары тапсырылған болатын. Аудан тұрғындарының 75-80 пайызы оралмандар екендігін ескере отырып, аудан тұрғындарына ауызсу бағасын төмендету үшін аталған мақсатқа субсидия бөлдіруге ықпал етуіңізді сұраймын»,- деді.

Соңғы жаңалықтар