Австралия бай инвесторларға арналған «алтын визаны» алып тастады

Шетелдік инвесторларға Австралияда тұру құқығын беретін «Алтын виза» жобасы «нашар экономикалық нәтиже әкелетіні» анықталғаннан кейін үкімет түбейгелі бас тартты. Бұл туралы BBC жазды.

Австралия, виза
Фото: pixabay

Шетелдік кәсіпкерлерді тартуға бағытталған «алтын визаны» алу үшін үміткерлер Австралияға 5 миллион австралиялық доллардан (3,3 миллион доллар) жоғары инвестиция салуы тиіс болатын.

Бірқатар тексерістерден кейін үкімет «алтын виза» схемасы өзінің негізгі мақсатына жете алмады деген тоқтамға келді. Желтоқсан айында құжаттан оны алып тастайтынын жариялады. Есесіне «білікті мигранттарға» виза алуға көбірек мүмкіндік берілетіні айтылды. 

Соңғы жаңалықтар