Австралия Иран елшісі мен үш дипломатты елден шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – Австралияның Тегерандағы елшілігі жұмысын тоқтатқан соң австралиялық дипломаттардың барлығы Ираннан кетті, деп хабарлайды ABC.

Австралия высылает посла Ирана и еще троих дипломатов
Фото: Oxu.az

Австралия қауіпсіздік қызметі мен барлауы елде жасалған кемінде екі антисемиттік шабуылдардың артында Иран тұрды деп есептейді. Сол себепті Канберра Тегеранмен дипломатиялық қатынастарды үзді.

Барлау агенттігінің мәліметтерінше, өткен жылы Мельбурндегі синагога мен Сиднейдегі мейрамханаға жасалған шабуылдардың артында Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы тұрды.

- Австралиялықтар екі нәрсені қажет етіп отыр. Олар бірінші Таяу Шығыстағы адам өлтіру тоқтаса дейді және олар Таяу Шығыстағы жағдайдың осында келуін қаламайды. Ал Иран осыны жасағысы келіп отыр,-деді премьер-министр Энтони Альбанезе.

Сыртқы істер министрі Пенни Вонг Австралияның шетелдік елшіні елден шығару жағдайы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет болып отырғандығын мәлімдеді.

Барлау агенттігінің мәліметтерінше, дипломаттар да, елшілік қызметкерлері де бұған араласқан жоқ.

Дегенмен Ахмет Садеги мен Иранның дипломатиялық миссиясының үш қызметкеріне жеті күн ішінде елден кету туралы хабарланған.

Тегеран әзірге бұл мәселе туралы ештеңе айтпады.

Осыған дейін Иранның наурыз айынан бері құжатсыз жүрген 1,2 ауғандықты еліне қайтарғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар