Австралия Қазақстанның «EXPO 2017» көрмесін ұйымдастыру жөніндегі бастамасын қолдайды

Бұл туралы бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуі барысында Австралия Парламенті палатасының спикері Питер Нил Слиппер айтты.
Оның сөзіне қарағанда, Австралия үкіметі Қазақстанның «EXPO 2017» көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына жақында ресми түрде жауап жолдайды. «Қазақстандық делегация Австралияның Канберра қаласында болып қайтты. Осы кезде Асвтралия үкіметі мен Парламентінің өкілдері қазақстандықтардың ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Австралия өкілдерін қазақстандықтардың «EXPO 2017» өткізудегі бастамаларының сапасынан үлкен әсер алды десе болады. Қазақстан аталмыш көрмені өткізу жөніндегі міндетті талапқа сай атқаратындығына мен сенемін. Сондықтан біз Қазақстанның бастамасына қолдау көрсетеміз деген ойдамын»,-деді шетелдік мейман.