06:08, 04 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Австралияда құмды дауыл шахтаны басып қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Австралиялық кеншілер солтүстік аумақтағы Танами шөлінде құмды дауылға тап болды, деп хабарлайды РИА Новости.
— Алыстағы Танами шөліндегі Австралияның ең ірі жерасты алтын кеніштерінің бірінде құмды дауыл екі күннен бері тоқтамай тұр, — деп жазды Guardian басылымы.
Әріптестерімен бірге дауылға тап болған кенші Лаклан Маркант оқиға туралы айтып берді.
— Бұл бізге Улуруны (Австралияның солтүстік аумағындағы биіктігі 348 метрлік жартас — ред.) еске түсірді. Оның көлемін елестете беріңіз. Ол бізге ұшып келе жатқандай болды, — дейді Лаклан Маркант.
Басылымның мәліметінше, кеншілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Осыған дейін Австралия маңындағы аралда круиз лайнерінен қалып қойған жолаушы қаза тапқаны туралы жазған едік.