Австралиялық компаниялар жаңа нарықтар қарастыруда Қазақстанды болашағы зор әріптес санайды

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшісі, сонымен қатар Австралиядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Баударбек-Қожатаев
None
None

Австралияның табиғи ресурстар және энергетика министрі Мартин Фергюсонмен, Сыртқы істер және сауда министрлігінің сауда мәселелері жөніндегі парламенттік хатшысы Велвин Томсонмен кездесті.

Кездесу барысында Мартин Фергюсон Қазақстанмен тау-кен өндіру, металлургия салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін жайлы ахуал қалыптасып отырғандығын атап өтті. Оның айтуынша, австралиялық компаниялар жаңа нарықтар қарастыру барысында Қазақстанды болашағы зор әріптес ретінде санайды

Ал парламенттік хатшы Келвин Томсон Қазақстан мен Австралия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқыны жоғары болып отырғандығын тілге тиек етті. Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, өткен жылы екі ел арасында тауар айналымы 70 пайызға өсті.

Қазақстанның Сингапурдегі Елшілігі таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесу кезінде тараптар екіжақты ынтымақтастықты үдету, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-австралиялық үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру мүмкіншіліктерін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар