Австралиялық паралимпиадашыны Риода тонап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алты Паралимпиада ойынының қатысушысы австралиялық Лизл Теш пен Австралия құрамасының физиотерапевт дәрігері Сара Росты Рио-де-Жанейрода тонап кетті.
None
None

47 жастағы спортшының сөзіне қарағанда,оған қару ұстаған ер адам шабуыл жасаған. Теш ақшао жоқ екенін айтқан соң, ол велосипедті тартып алған.

Тонаушылар Ростың да велосипедін иемденіп кеткен. Тештің айтуынша, бірнеше адам оларды тонап жатқанын көргенімен, көмекке бармаған.

Австралиялық Олимпиада комитеті Рио-де-Жанейро билігін көшедегі қылмыспен күресті күшейтуге шақырды.

«Қауіпсіздік қызметкерлерінің санын арттыруды талап етеміз. Қазір олардың саны шамамен 100 мың. Оларды ойындар басталмас бұрын жаттығулар өтіп жатқан жерлерге орналастыруды сұраймыз», - деді  Олимпиададағы австралиялық делегация басшысы Китти Чиллер.

Рио-де-Жанейро штатының қауіпсіздік министрі Жозе Белтраме бұған дағдарыс пен қаржыландыру жеткілікті деңгейде емес екендігін алға тартты. Қаланың муниципалдық билігі Олимпиада ойындары кезінде Рио-де-Жанейроға шамамен 380 мың турист келеді деп күтуде.

Соңғы жаңалықтар