Австралияның батыс жағалауында акула адамның аяғын жұлып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның батыс жағалауында акула толқындармен жарысатын серфердің аяғын тістеп, жұлып алды, деп хабарлады PerthNow.
None
None

Оқиға кеше, сейсенбі күні Перт қаласы жағалуында болған. Зардап шеккен 29 жастағы Бен Герринг ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр.

«РИА Новости» хабарлағандай, жергілікті балық шаруашылығы қызметі адамға шапқан акуланы ұстады.
Жағажай уақытша жабылды.

Соңғы жаңалықтар