Австрия Президентіне Н.Назарбаевтың ЭКСПО-2017 көрмесіне шақыруы тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 қараша күндері ЭКСПО-2017 Комисары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Австрия Республикасында жұмыс сапарында болды.
None
None

Сапар барысында Австрияның Еуропа, интеграция және халықаралық істер жөніндегі Федералды министрілігінің, Австрия ғылым, зерттеулер мен экономика Федералды министрлігінің, Федералды экономикалық палатаның, туроператорлар мен туристік агенттіктер Қауымдастығының, сонымен қатар құрылыс, туризм, логистика және қайта жаңартылатын қуат көздері саласындағы жетекші австриялық компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.

Австрия ғылым, зерттеулер мен экономика федералдық министрінің орынбасары Бернадетте Гирлингермен кездесу осы кезеңде Австрия астанасында өткізіліп жатқан Вена экономикалық форумы алаңында өткізілді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуды, оның ішінде австриялық компаниялардың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мүмкіндігін талқылады.

«Р.Жошыбаев көрмеге дайындық барысы туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың атынан Австрия Федералдық Президенті Х.Фишерге шақыру хатының түпнұсқасын ұсынды. Альпілік республиканың баламалы және жаңартылатын қуат көздерін дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі екендігін ескере отырып, Р.Жошыбаев Австрияның ЭКСПО-2017 көрмесіне белсене қатысатындығына сенімін білдірді», - деп хабарлады ҚР СІМ.

Өз кезегінде, Гирлингер ханым мемлекеттің пайдаланып отырған қуат көзінің 75%-ы жаңартылатын қуат көзінің есебінен туындайтығын атап өтіп, Австрияның көрмеге қатысуға қызығушылық танытып отырғандығын қуаттады.

Кездесу қорытындысымен 2015 жылы өткізілетін қазақстандық-австриялық үкіметаралық комиссия отырысы аясында ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға австриялық компанияларды тарту мүмкіндігін қарастыру туралы келісім жасалды.

Соңғы жаңалықтар