Австрия үш күн аза тұтады

АСТАНА. KAZINFORM – Австрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан мерт болғандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Австрияда мектепте атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар
Фото: Анадолы

Қайғылы оқиғаға байланысты Австрия канцлері Кристиан Штокер үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл күні барлық қоғамдық ғимараттарда ту түсіріледі. Сәрсенбі күні сағат таңғы 10:00-де жалпыұлттық бір минут үнсіздік жарияланады. Көптеген іс-шаралар өткізілмейтін болды.

Федералды үкімет сәрсенбіге жоспарлаған мәжілісін Грац қаласы құрбандарын еске ала отырып, бір минут үнсіздікпен бастайды. Сондай-ақ осы күнге белгіленген шешімдердің бәрі күшін жояды.

Федералды президент Александр Ван дер Беллен болған оқиғаны суреттеу мүмкін еместігін жеткізді. Вице-канцлер Андреас Баблер (SPÖ партиясы) де бүкіл Австрияның қайғырып отырғанын айтты.

- Австрия қайғы үстінде және біз осы уақытта бірге тұрмыз, осы ауыр қайғыны бірге көтеру үшін. Біз қайғыдан қан жұтып отырғандардың жанында болу үшін бірге тұрмыз. Бүгін біздің еліміз осындай қиын-қыстау күнде күшіміз бірлікте екенін көрсетеді,- деді президент.

Сыртқы істер министрі Беате Майнл-Райзингер (NEOS) «FPÖ» мен «Жасылдар» партияларының көшбасшысы ретінде бұл қайғының өзін күйретіп кеткенін айтты.

Мектептегі атыс сейсенбі күні шамамен сағат 10-дар кезінде басталды. Оқиға болған жерде 9 адам өлтірілді. Олардың алтауы әйел, үшеуі ер адам. Алайда олардың қаншасының бала, қаншасының ересек екені белгісіз болып отыр. Кешірек тағы екі адам алған жарақаттарының ауырлығынан көз жұмды.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, атысты бұрын осы мектепте оқыған жергілікті тұрғын бастаған. Шабуылдан соң, ол дәретханаға барып жасырынып, өзін өлтірген.

 

Соңғы жаңалықтар