03:30, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Австриядағы отын кесуден әлем чемпионаты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда ерекше дода ұйымдастырылды.

Альпі тауының етегінде орналасқан Тироль аймағында әлемнің ең үздік отын кесушілерінің халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Оған 8 үміткер қатысып, екеуі ақтық сайыста бақ сынасты. Олар - 42 жастағы жаңазеландиялық Джейсон Виньярд пен 20 жастағы австралиялық Брейдон Мейер. Нәтижесінде Брейдон ағаш аралау мен отын кесудің хас шебері екенін дәлелдей алды.
"Джейсон Виньярд - осы чемпионаттың 7 дүркін жеңімпазы және менің жақсы досым. Ол - маған үлгі бола білген адам. Осы жарыста бірге болғаныма шексіз қуаныштымын", - дейді австралиялық отын кесуші Брейдон Мейер.