08:35, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Австриялық елші өңірдің туристік мүмкіндігімен танысты
КӨКШЕТАУ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бурабай баурайында болған Австрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Фарингер Урсул өңірдің сұлу табиғатын аралап көріп, туристік кластерді бірлесіп дамыту жайын тілге тиек етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мейманға аймақтың бұл бағыттағы жұмыстары мен алда тұрған келелі міндеттерін жеткізген облыс әкімі Альберт Рау өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуын, соған сәйкес екіжақты қарым-қатынас жайын саралап өтті. Қыркүйек айының соңында облыста өткізілетін бизнес-форумға австриялық кәсіпкерлердің де қатысуына ынталы екенін атап көрсетті. Өңір еуропалық мемлекеттің басқару ісіндегі оң тәжірибесі, кәсіпкерлердің аграрлық, қызмет көрсету, өңдеу және туристік кластерді дамытудағы жетістігі қызықтыратынына ерекше назар аударылды.