Австриялық Зальцбург федералдық жерінің үкіметі мен іскер топтары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - Зальцбург үкіметінің басшысы Г.Бургсталлер
Тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамытудың барынша перспективалы және басымдықты бағыты ретінде Қазақстан мен Зальцбургтің энергетика, жоғары техенологияларды дамыту, автоматтандыру және бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация, тамақ өнеркәсібі және туризм салаларындағы әріптестікті жандандыруы қажеттігін атап өтті.
ҚР Елшісі және австриялық тараптың өкілдері сондай-ақ қазақстандық әртістердің 2010 жылдың шілде-тамыз айларында өтетін жыл сайынғы Зальцбург музыкалық фестиваліне қатысуы, сондай-ақ осы жылғы қыркүйектің 7-сінде осы федералдық жердің астанасында 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу туры ауқымында Қазақстан мен Австрия құрама командаларының футбол матчын өткізу перспективасын талқылады.
Кездесу барысында федералдық жердің ұлттық саябақтарды құру және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қысқы спорт түрлерін дамыту, соның ішінде тау шағысы базаларын заманауи жарақтандыру жөніндегі бай тәжірибесін оқып-үйрену үшін Зальцбург мамандандырылған оқу орындарында қазақстандық кадрларды даярлау мүмкіндігінне баса назар аударылды, бұның біз еліміз үшін 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында елеулі маңызы бар.
Қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы федералдық жерге жұмыс сапары барысында Төменгі Австрия аймағында болып, Еуропадағы ең беделді білім ордаларының бірі - Кремс қаласындағы Қолданбалы ғылымдар унивесритетінде оқытушы-профессорлар мен студенттер алдында дәріс оқыды.
Дәріске жиналғандар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесіне, аймақтық және халықаралық ықпалдастық үдерістеріндегі біздің еліміздің рөліне, сондай-ақ қазақстан-австрия ынтымақтастығының ауқымын кеңейту перспективаларына зор ынта қойды.