Автобус апатқа ұшырап, 22 жолаушы тірідей жанып кетті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде автобустың жүк машинасына соғылуы салдарынан  22 жолаушы тірідей жанып кетті, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.
None
None

Оқиға дүйсенбі күнге қараған түні Уттар-Прадеш штатындағы Барели қаласында болған. Жүк машинасына соғылғаннан кейін автобустың жанармай багы жарылған. Көптеген жолаушылары ұйқыға кеткен автобус әп-сәтте отқа оранды.

«05.45 шамасында бізге автобус соғылған жерден 22 адам жеткізілді. Адамдардың денесі адам танымастай күйіп кеткен», - дейді Барели ауруханасының қызметкері Шайлеш Ранджан.

ЖКА себебі анықталып жатыр. Кей мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғасы автобустың қарсы бағытқа шығуынан болған.  Автобус Жаңа-Дели қаласынан Гонда қаласына бара жатқан.  

Соңғы жаңалықтар