«Автобус бұзылып қалған»: Ақтөбе облысында 55 Өзбекстан азаматы мешітке орналасты

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында «Ташкент-Казан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы бұзылып қалды. Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болған, деп хабарлайды Kazinform Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе
Фото: ТЖМ

ТЖД күштерімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының мешітіне көшірілді, оларға медициалық көмек қажет болмады.

«Азаматтарға ауа райының өзгеруін қадағалауға, ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береміз. Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалаңыздар», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар