Автобуспен есірткі тасымалдаған Павлодар облысының тұрғыны 10 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы) үкім шығарды.

Сот алдындағы тергеу амалдарында анықталғандай, 2015 жылы 12 тамызда шамамен сағат 14:50-де Екібастұз қаласының Шідерті кентінің жанындағы «Рубеж» бақылау өткізу бекетінде VOLVO автобусы тоқтатылды. Автобустың багаж бөлігінде жабысқақ лентамен оралған полиэтилен пакеттері салынған сөмке табылды. Оның ішінде жалпы салмағы 5965,60 гр. «кептірілген марихуана» және жалпы салмағы 1053,52 гр. «гашиш» болған. Сөмке иесі 22 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Екібастұз тұрғыны екені анықталды.

Сот отырысында айыпталушы Е. ақша табуға бара жатқанын түсіндірді. Алайда ұсталған кезде күдіктіде жұмысқа орналасуға қажетті еш құжат болмаған.

Сот үкімі бойынша Е. ҚК-ның 297-бабының 3-бөлімі 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бостандығынан айырылды.
Жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді.

Соңғы жаңалықтар