Автобустар мен такси қызметіне бейнекамера орнатылған патруль көлігі бақылау жүргізеді

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада 19 желтоқсаннан бастап жасырын бейне бақылау әдісі арқылы қоғамдық көлік пен таксилердің тәртіп бұзушылықтарының жолын кесу бойынша жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Аталмыш шара 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Автобустар мен такси қызметіне бейнекамера орнатылған патруль көлігі бақылау жүргізеді

Іс-шара аясында патруль көлігіне орнатылған бейнетіркеуіштің көмегімен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бағыттар бойынша тәртіп бұзушылығын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының және такси көліктерінің апатқа ұшырау жағдайларын төмендету, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілердің тәртіп бұзушылығының жолын кесу, сондай-ақ, қоғамдық көліктің халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.