Автокөлік алмақ болған өскемендік алаяққа 2,6 млн теңге берген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны несиеге көлік алу үшін құжат жасап беруге көмектесетіндігін айтқан алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ертіс полиция бөліміне қаланың 47 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол өзін әңгімеге тартқан бейтаныс адамның несиеге көлік алу үшін құжат жасап беруге көмектесетіндігін айтып, 2 650 000 теңгесін алғанын жеткізді. Алайда сол уақыттан бері алаяқ хабар-ошарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қысқа мерзімде ұстады. Ол Риддер қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті қолхатпен босатылған», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар