Автокөлік қаққан жаяу жүргінші ажал құшты - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 21 қазанда түнгі сағат 01.20-да Орал қаласында тұратын 1988 жылғы М. есімді азамат «ВАЗ-21101» автокөлігімен «Самара-Шымкент» күре жолының 249-шы шақырымында Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласының 1976 жылғы И. деген тұрғынын қағып кеткен.
None
None

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, алған жарақаттары салдарынан аталған азамат оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар