Автокөлік жолын жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлаған кәсіпкер сотталды

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Батыс Қазақстан «Чапаев-Жаңақала-Сайхин» автокөлік жолын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған кәсіпкер сотталды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, «Компания Бамус Сервис» ЖШС-і бұрынғы директоры Ж. Бабаев заңсыз жолмен «Чапаев-Жаңақала-Сайхин» автокөлік жолын күрделі жөндеу кезінде 178 млн.теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражатты ұрлаған. Сот шешімі бойынша ол мүлкін тәркілеумен 5 жыл бас бостандығынан айырылды. «Қазіргі кезде келтірілген шығын толық көлемде өндірілді», - дейді М.Жұманбай.  

Соңғы жаңалықтар