Автокөліктерді бөлшектейтін бекеттердің қызметін реттейтін заң қабылдау қажет - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Автокөліктерді бөлшектейтін бекеттердің қызметін реттейтін заң қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың Фейсбуктегі өз парақшасында жазуынша, өткен жылы елімізде көлік ұрлығына байланысты 766 факті тіркелген. Биылғы екі айда ғана мұндай 105 факті есепке алынған.
«Тергеу жүргізілгенде ұрланған көліктердің арнайы пункттерде бөлшектенетіні анықталды. Осындай пункттерде автокөліктерді қабылдау тәртібі мен ережесі ешқандай заң актілерінде жазылмаған. Сондықтан арнайы заң қабылдау қажет деп есептейміз. Сол заң талабы бойынша автокөлікті бөлшектейтін пункттер тек қана есептен шығарылған көліктерді қабылдайтын болады», - деп жазды ол.