Автокөлікті айдап кеткен ұры көп ұзамай қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласында өзгенің автокөлігін иемдену мақсатында рұқсатсыз мініп кеткен алаяқ көп ұзамай қуғыншылардың қолына түсті.
None
None

Қызылорда облыстық жол полициясы басқармасына түскен дабылда 30 жасар қала тұрғыны өз үйінің ауласы алдында тұрған көлігін белгісіз біреудің мініп кеткенін айтқан. Сол дабыл бойынша іздеуге шыққан сақшылар арасында жол полициясы жеке батальоны бірінші взводының аға инспекторы Мұрат Асаубаев бірінші болып ұрланған мәшиенені байқап қалады. Бірақ оның рулінде отырған адам ешқандай ескертуге құлақ аспай, жылдамдығын арттыра түседі. Ақырында қуғын басталып, біраз уақыттан кейін сақшылардан құтылмайтынын сезген ұры көлікті тоқтатуға мәжбүр болған.

Қазір осы оқиға бойынша іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар