Автокөлікті жеңілдетілген несиемен сатып алуға бөлінген қаражаттың 80 пайызы игерілді

"Жеңілдетілген несиелер бағдарламасы биыл сәуір айында жұмыс жасай бастады. Ол кезде бірінші траншпен 15 млн. теңге бөлінген. Бүгінде оның игілігін 3200 қазақстандық көріп отыр. Жеңілдетілген несиемен сатып алынған көліктердің әрбір үшіншісі қазақстандық зауыттарда шығарылған. Осылайша, бағдарлама арзан теңгелік несиелерді ұсынуда қатты көмектесті. Екіншіден, ол отандық көлік шығарушылардың дамуына да серпін берді", - деді ол.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың сатып алу белсенділігінің арқасында аталмыш сома жылдам игерілді. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында қосымша қаражат бөлу қарастырылған.
"Қазақстанның даму банкі несиелердің шекті деңгейін өзгертті және негізгі басымдықты сұранысқа көп ие көліктерге беретін болады. Мұндай өзгерістер бұл қаржыны да тез игеруге мүмкіндік туғызады", - деп атап өтті Д. Бақберген.
Көлік сатушылардың сөзіне қарағанда, транштың 80 пайыз қаражаты жұмсалыпты. Дегенмен оның көлік маркалары бойынша үлестірілуін өзгерту қажет деп есептейді.
"Мәселен, "АзияАвто" бойынша лимиттердің жүктемесі 100 пайызды құрады. Бағдарлама басталысымен сұраныс жоғары болды. Мәселен, кейбір жаңа маркалар бойынша, оның көлемі 30 пайызға да жетпейді. Сондықтан келесі траншты Үкімет өткен жолғы транштың барлық олқылықтарын ескере отырып, үлестіреді деп үміттенемін", - дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ директоры Ерік Сағымбаев.