Автомектептен анықтама: 511 адам жүргізуші куәлігін алған

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Жаңа ережеге сәйкес, жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқуды аяқтағаны туралы анықтама міндетті түрде ұсынылуы тиіс. Жаңа ережелер 2024 жылдың 23 сәуірінде күшіне еніп, 511 адам өз жүргізуші куәлігін алып үлгерген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қызылордаға жұмыс сапары барысында айтылды. 

СҚО-да көлік жүргізуге тыйым салынған 140-қа жуық адам жүргізуші куәлігін алған
Фото: atr.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қызылордаға жұмыс сапары барысында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барды.

Авто номер
Фото: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Абибуллаева мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс барысы туралы баяндады. Ол Қызылорда облысында 2022 жылы көлікті тіркеу 53 596 болса, 2023 жылы бұл сан 94 523 дейін жеткенін айтты, сұраныс 2 есеге өскен.

Автоцон
Фото: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық даму министрлігінің басшысы мамандандырылған қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, көлік жүргізудің жаңа ережелері бойынша тест-драйв жасады.

«Жалпы бұл мамандандырылған орталықта жүргізуші емтихандарын тапсыратын 14 автокөлік және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 1 автокөлік бар. Цифрлық даму министрлігінің басшысы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. «Мемлекеттік қызметтерді оффлайн режимнен онлайн форматта алуды ынталандыру қажет. Онлайн қызметтерді алуды жеңілдету керек, өйткені проактивті түрде ұсынылатын көптеген мемлекеттік қызметтер әлі де Халыққа қызмет көрсету орталықтарының фронт-офистерінде жүзеге асырылуда», — деді министр Жаслан Мәдиев.

Соңғы жаңалықтар