Автомобиль жолдары комитеті жылдық жоспарын бекітті

АСТАНА. KAZINFORM — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығының биылғы жылға межеленген жұмыс жоспарымен танысты. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Автомобиль жолдары комитеті жылдық жоспарын бекітті
Фото: Көлік министрлігі

Автомобиль жолдарының сапасын арттыру мен жол-құрылыс саласын ілгерілетуге арналған ғылыми, нормативтік-құқықтық және практикалық шаралар топтамасы талқыланды.

Ұсынылған жоспарларға сәйкес, ғылыми-зерттеу институты бес ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеуді, сондай-ақ автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және күтіп-ұстау мәселелерін қамтитын 15 стандарт пен нормативтік-техникалық құжатты дайындауды көздеп отыр. Жеке бағыт ретінде автожол саласының мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөлінеді.

Автомобиль жолдары комитеті жылдық жоспарын бекітті
Фото: Көлік министрлігі

— ЖАСҰО бекітілген жоспарлар шеңберінде 20 мың шақырым автомобиль жолын диагностикадан өткізуді, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен қолданылған материалдардың сапасын тексеру мақсатында шамамен 40 мың сараптама жүргізуді жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ «E-Joldar» цифрлық платформасын одан әрі дамыту, оның функционалдығын кеңейту және салалық үдерістерде қолдану, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Автомобиль жолдары комитеті жылдық жоспарын бекітті
Фото: Көлік министрлігі

Іс-шара аясында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин саланың барлық қатысушыларының үйлесімді, әрі бірлесе жұмыс атқаруының маңыздылығын сөз етті.

— Қойылған міндеттерді орындау тек бірлескенжәне үйлесімді әрекет арқылы мүмкін. Жол саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды жүзегеасыру үшін жүйелі жұмыс қажет,— деді ТөлегенАбдуллин.

Талқылау нәтижесінде алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру қажеттілігі сөзге тиек етілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі 2026 жылы 11 мың шақырым жол жөнделіп, салынатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар