Автомобиль жолдары отандық инфрақұрылымның бәсекеге ең әлсіз саласы болып отыр ? ҚР Көлік және коммуникация министрі

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2009 жылда бірінші кезектегі міндет - Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті жаһандық индексі бойынша бағаланатын отандық инфрақұрылымның сапасын арттыру.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министр атап көрсеткендей, әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы жекелеген өңірлік авиакомпаниялар мен әуежайлардың инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасын дамытуға тікелей байланысты. «Бүгінде министрліктің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі ? отандық әуе нарығында бәсекелестікті дамыту және лизинг арқылы мемлекеттік қаржы институттарының көмегімен өңірлік әуекешенін жаңарту. Осыған байланысты Үкімет басшысының қолдау көрсетуін сұраймыз», - деді С.Ахметов. Сондай-ақ С.Ахметовтың сөзіне қарағанда, теңіз порттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмысы Ақтау портын кеңейту, сондай-ақ Баутино және Құрық порттарын дамыту және қажетті сервистік жөндеу базасын құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Ал көліктік логистиканы дамыту теңіз порттарының бәсекеге қабілеттілігінің маңызды резерві болмақ. «Бүгінде еліміздің автомобиль жолдары отандық инфрақұрылымның бәсекеге ең әлсіз саласы болып отыр. Бұны біз жергілікті жолдар желісінің сапалық жай-күйінен анық көре аламыз. Осы саланы дамытудың арқасында Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті жаһандық индексі бойынша 23 тармаққа көтеріліп, 85 орынды иеленуге болады. Ал 2010 жылға қарай Қазақстан инфрақұрымның сапасы бойынша әлемде 60 орынға көтерілуі қажет», - деді С.Ахметов. Айта кетейік, жақында Германияда алдын ала жарияланған дағдарысқа қарсы бағдарламасының екінші нұсқасы бойынша ел инфрақұрылымын дамыту мақсатында автожолдардың құрылысына мемлекеттік инвестицияларды барынша салу көзделген. Шамамен, 11 млрд. еуро, бұл елдің 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы 50 млрд. еуро көлеміндегі қаражаттың 20 пайызын құрайды.
Соңғы жаңалықтар