Автомобилін тұраққа қоймақ болған мас бойжеткен 17 көлікті соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Краснодарда алкогольдік ішімдікке сылқия тойған жүргізуші қыз тұрғын үйдің ауласында көлігін тұраққа қоятын орын іздегенше, 17 көлікті соқты.

Автомобилін тұраққа қоймақ болған мас бойжеткен 17 көлікті соқты

Оқиға 23 ақпан күні күндіз Промышленная көшесінде орын алған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ: соғылған көліктер аздап бүлінді.

Бойжеткенге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. LifeNews телеарнасы куәгерлер түсірген видеоны жариялады.