Авторлық қоғамдар шығармашыл адамдардың заңға сауатсыздығынан табыс тауып жүр – сарапшы

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілісте керативті индустрияны дамыту жөнінде өтіп жатқан жиында авторлық құқық саласындағы сарапшы Темірлан Төлегенов шығармашылық адамдары өз талатын ақшаға айналдыруға икемсіз екенін айтты. 

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

«Бірінші мәселе шығармашыл адамдардың авторлық құқық мәселесінде мүлдем сауатсыздығында. Авторлардың көбі шығармашылық жұмысының нәтижесін ақшаға айналдыра алмайды», - деді заңгер.

Сондай-ақ авторлық қоғамдар шығармашыл адамдардың заңға сауатсыздығын пайдаланып, тиесілі ақысын әділетті мөлшерде төлемей жүр. 

«Авторлық құқық деген – кәсіпкерлік құқық. Өркениетті елдерде өнерді коммерцияландырудың жалғыз құралы осы. Бірақ Қазақстандағы шығармашылық жоғары оқу орындарында авторлық құқы негіздері дейтін пән оқытылмайды», - деді сарапшы.

Темірлан Төлегенов авторлық қоғамдар жыл сайын 1,5-2 млрд теңге табыс тапқанымен соның 90 пайызын әкімшілік шығындар желеуміне өзінде алып қалатынын айтады. Ал заң бойынша авторлық құқық төлемінің 70 пайызын ғана авторлық қоғам иемдене алады. Заңгер авторлық төлем жинау процесін цифрландыруды ұсынды. 

«Цифрландыру министрлігінің қолынан бұл келеді. Соның арқасында авторлық қоғамдардың шығынын 15-20 пайызға дейін азайтуға болады», - деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар