Авторлық құқықты бұзғаны үшін контрафактылық бейнетабақшалар иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Авторлық және шектес құқықты бұзғаны үшін контрафакталық бейнетабақшалар иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан азаматы Өзбекстаннан келе жатқан пойыздан Сарыағаш ауданында түсіп қалған. Тексеру барысында кеденшілер одан барлығы 509 дана DVD дискісін тапты. Халықаралық пойыздың жолаушысында ешқандайда тауарды растайтын құжат болмаған.Бейнетабақшалардың қай-қайсы да, оны дайындау, бейне тасығышты рәсімдеу үлгісі бойынша да және оның сапалық көрсеткішіне салыстыру жүргізген сот-тауарлық сараптау орталығы контрафактылық тауарлардың негізгі тұпнұсқамен сәйкес келмегендігін анықтады. «Авторлық және шектес құқықты сақтау жөніндегі қазақстандық қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігінің хатына сәйкес, алынған бейнетабақшалардың ішіндегі жазу және тарату құқы тек қауымдастыққа қатысушы ? «Видео-Аудио-Меломан» ЖШС пен «Гамма-Видео» ЖШС-нің ғана иелігіне жатады. Тәркіленген өнімдердің құны 490 454 теңгені құрады. Ұсталған адам, аталған тауарларды Қазақстан Республикасы аумағына сату мақсатында әкелгенін айтып түсіндірді. Сот қаулысы бойынша, ұсталушыға 14 003 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, авторлық және шектес құқықты бұзғаны үшін ҚР ҚК 2 бөлімінің 184 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар