Күздің соңғы күні ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктері 30 қараша, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады. 

дождь и снег
Фото: Kazinform

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады. 

Осыған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. 

Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады.