Қостанайда ауа райына байланысты екі рейс ұшпай қалды, екеуі кейінге ауысты

FlyArystan әуе компаниясы Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейсті кейінге қалдырды, деп хабарлайды Kazinform

ұшақ
Фото: flyarystan.kz

Қостанай қаласында кеше күн бұзылып, толассыз қар жауды. Аэродромдағы қарды күреу үшін ұшу-қону жолағы мен терминал жабылады. 

Осыған байланысты бейсенбіге белгіленген мына рейстер ұшпады:

КС7341 Астана — Қостанай
KC7342 Қостанай — Астана

Ал келесі екі рейс кейінге шегерілген:

КС7141 Алматы-Қостанай. Ол 1 желтоқсан күні сағат 10:00–де ұшады.

КС7142 Қостанай-Алматы. Бұл рейс 1 желтоқсан күні сағат 12:55–ке жоспарланған.

Аталған рейс жолаушыларына ыстық тамақ беріліп, қонақ үйде орналасу мүмкіндігі ұсынылған. 

Сондай-ақ, ұшпайтын рейстердің жолаушылары билетті тегін қайта брондап немесе толық құнын қайтара алады.

«Жолаушыларға FlyArystan қосымшасында және ұйымның ресми сайтындағы лайв чат, 8 702 702 02 27 нөміріндегі WhatsApp мессенжері және 8 727 331-10-10 байланыс орталығы арқылы қолдау көрсетіледі» дейді компаниядан.

Соңғы жаңалықтар