Автожарыс кезінде ажал аузынан қалған ит

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливиядағы Сodasur 2016 раллиі кезінде тас жолға жүгіріп шыққан күшік кедір-бұдыр жолдың арқасында аман қалды. Ит ауыл арасындағы жұртшылық жиналған соқпақ жолға түсіп алып, өз бетімен жүрген.

Автожарыс кезінде ажал аузынан қалған ит

 Көрермендер итті жолдан алып үлгермеді. Оған жақындап қалған уругвайлық жарысушы Фернандо Зуаснабаруге де жол ортасындағы ит туралы ескерту мүмкін емес еді. Алайда, ғажайып оқиға болды: көлік иттен жоғары секіріп өтті.