Автожолдар мобильді интернетпен қамтыла ма – министр жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық автожолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін 243 антенна-мачталық құрылғы орнатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев айтты.

Автожолдар мобильді интернетпен қамтыла ма
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Республикалық автожолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым қажет. Бүгінгі күні әкімдіктермен 243 антенна-мачталық құрылғы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Антенна-мачталық құрылғылар құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланған», - деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта 13 антенна-мачталық құрылғы бойынша сараптамалардың оң қорытындысы алынды, ал, 141 құрылғы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

«84 антенна-мачталық құрылғы бойынша әкімдіктер осы жылдың 3-тоқсанында жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін конкурстық рәсімдерді бастауды жоспарлап отыр. Қаржы және Көлік министрліктеріне жергілікті атқарушы органдарға тиісті трансферттер бөлу бөлігінде антенна-мачталық құрылғылар құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсыруды сұраймын», - деді Жаслан Мәдиев.

Соңғы жаңалықтар