Аягөз прокуратурасы үш ай бойы мектептерде ыстық тағамның болмағандығын анықтады - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Аягөз ауданының прокуратурасы тексеру барысында қаңтар айынан наурыз айына дейін бастауыш сыныптардың 5069 оқушысы,
None
None

оның ішінде 965-і әлеуметтің жағдайы төмен отбасылардың балалары 1 590 6200 теңге сомасындағы ыстық тағаммен қамтамасыз етілмегенін анықтады.

Прокуратура аудан әкімі А.Мұхтархановтың атына ұсыныс жасады, оның қаралу нәтижесі бойынша аудандық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Б.Тұрмахаметова тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық прокуратураның түсіндіруінше, қазақстандық заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган тәрбиеленушілердің және оқушылардың жеке санаттарын ақысыз және жеңілдікпен берілетін тамақтандыруды ұйымдастыруы қажет.

Соңғы жаңалықтар