Аягөзде ауданның бас ветеринарлық инспекторы пара алғаны үшін ұсталды

ӨСКЕМЕН. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Аягөзде 15 ақпанда 60 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін ауданның бас ветеринарлық инспекторы ұсталды.
None
None

Ол Шығыс Қазақстанның аумағынан ет өнімдерін шығаруда ветеринарлық сертификат бергені үшін осы ақшаны алған.

Бүгін ШҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының брифингі барысында мәлім болғандай, қаржы полициясы ағымдағы жылдың ақпан айында болған пара алу оқиғасын әшкере етті. Аягөз ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкер келіп, өңірден тыс аумаққа шығарып сату үшін 5 бас малға ветеринарлық сертификат алмақ болған.

Бас ветинспектор жеке кәсіпкерден өзінің қызметі және «қолғабыс» еткені үшін әр анықтамаға 2 мың теңгеден (бас-аяғы 10 мың теңге) сұраған.

15 ақпанда шенеунік 10 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде әрі қарай еш кедергісіз 25 бас малға ветеринарлық сертификатты беру үшін 50 мың теңге сұраған.

Сол күні ол 60 мың теңге пара алу кезінде ол қолға түсті. Бас ветинспектор өз кінәсін мойындады. Қылмыстық іс Аягөз ауданының прокуратурасына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар