Аялдамаларда көктайғақ: Өскеменде автобус жүргізушілері мен жолаушылар шағымданып жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылар аялдамалардағы көктайғаққа қатысты шағымданды.

Боран, көктайғақ: Ауа райына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жарияланды
Фото: gov.kz

Көктайғақ тек автобустарға ғана емес, жолаушыларға да қолайсыздық туғызған. Жол тайғақтығынан автобустар тоқтай алмаса, азаматтар қоғамдық көліктен шыққанда тайып құлап жатыр. 

— Жұмысқа кешігіп бара жатқанда аялдамаға таяп қалған автобусқа жүгіре жөнелдім. Сол кезде көктайғақтың салдарынан құлап, аяғымды ауыртып алдым. Тек мен емес, жығылып жатқандарды үнемі көріп жүрміз. Әсіресе қарт кісілерді обал ғой», — дейді Бахтияр есімді қала тұрғыны. 

Десе де коммуналдық қызметтер аялдамаға құм мен көктайғаққа қарсы материалдар тұрақты түрде төгілетінін жеткізді. 

— Аялдамаларға тиісті материалдарды төгу үнемі жүргізілуде. Бірақ құм тез тапталып кетеді. Сондықтан бұл жұмыстар күні бойына уақыт интервалымен жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады «Таза Өскемен» КМК-дан. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде көмір жағып отырған жер үйлер орталықтандырылған жылуға көшірілуі мүмкін екендігі хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар