Өскеменде көмір жағып отырған жер үйлер орталықтандырылған жылуға көшірілмек

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы экология жағдайын жақсарту үшін жер үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр.

НМУ в Усть-Каменогорске: жители задыхаются, эксперты критикуют мониторинг воздуха
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

Қалада жел соқпағанда айналаны түтін басып кететіндігінің бірнеше себебі бар. Соның бірі - пеш жағып отырған үйлердің зиянды шығарындыларының ауаға тарауы. 

Бұны таяуда қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланған кезде жеке секторға жүргізілген тексеру жұмыстары дәлелдеді. Мирный кентінде экологтар күкірт диоксидінің, көміртегі тотығы мен хлордың рұқсат етілген шектен асып кеткенін анықтаған.

Ал Защита шағын ауданында күкіртті сутегі мен хлордың ауаға тараған нормасы шамадан тыс болған. 

- Қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды шығарындылары жылына шамамен 55 мың тоннаны құрайды. Оның 10 пайызы - автономды қазандықтардан. Жеке тұрғын үйлер жылыту маусымында шамамен 240 мың тонна көмір жағады. Бұл 14 мың тонна зиянды шығарынды, - деп хабарлады ШҚО экология департаментінен. 

Осы мәселеге қатысты облыс әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында жауап берді. 

- Көмірді жаққанда ауаға тарайтын шығарынды тұманмен және басқа да шығарындылармен араласып, ауаны одан сайын ластайды. Өскеменде пеш жағып отырған 28 мың үй бар. Бәлкім, мәселе көмірдің сапасында шығар. Бірақ бұл жерде тұрғындардың кінәсі жоқ. Біз жеке секторды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жағын да ойластырып жатырмыз», - деді ол. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласындағы экология мәселесін шешу үшін арнайы бюро құрылып, бақылауды күшейту көзделіп отырғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар