Аян Тұрсын АҚШ-та жапониялық файтермен чемпиондық белдікке таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (8-1) америкалық Cage Fury Fighting Championships (CFFC) лигасы аясында чемпиондық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Бұған дейін ушудан Ханчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған спортшы енді аралас жекпе-жекте де бағын сынап, UFC тарихындағы екінші қазақ әйелі атағына қол жеткізуге бар күшін салады. Бұдан бөлек 31 жастағы отандасымыз әлемнің ең мықты лигасындағы менеджерлердің көзіне түсу үшін Америкадағы басқа да маңызды жарыстарға қатысады.
Аян 6 ақпан күні Филадельфия қаласындағы (Пенсильвания, АҚШ) жеңіл салмақтағы бос белбеу үшін өтетін жекпе-жегінде жеңілмеген жапониялық спортшы Ариса Мацудамен (7-0) кім мықтыны анықтайды.
Қазақстандық файтер бұдан бұрын Octagon және Dala Fighting Championship лигаларында өнер көрсеткен.
Ал, АҚШ-тағы турнирдің басты кездесуінде орта салмақтағы бос титул үшін қырғызстандық Бусурман Жумагул (4-0) пен америкалық Дэниэл Моррисон (7-2) сынға түседі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асу Алмабаев UFC-дің үздік бестігіне енуі мүмкін.