Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтыншы орын алды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті.
Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.
Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды - 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды - 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді - 2:10.20.
Қазақстандық екі жеңіл атлет жастар арасында Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық теннисшілер Астана турнирінің финалына шықты.