Аятолла Әли Хаменеи: АҚШ Иранда мемлекеттік төңкеріс жасауға қауқарсыз

«Америкалық саясаткерлер Ирандағы режімді ауыстыруды тілемейтіндіктерін мәлімдейді. Алайда, бұл жалған сөз. Егер де олар Иранда төңкеріс жасауға қауқарлы болса, онда бірер сәтке де ойланбастан іске кірісер еді»,-деді Хаменеи.
Оның сөзіне қарағанда, ирандық экономиканы қалпына келтіру шаралары халықаралық санкцияларды шешуге емес, керісінше ел ішіндегі инновацияларға негізделуі тиіс. «Менің Үкіметке берер кеңесім: мемлекеттің ішіндегі шексіз әлеуетке екпін жасаңдар»,-деді Иранның жоғарғы көшбасшысы.
Хаменеи елінің ядролық бағдарлама аясында МАГАТЭ-мен және арағайын алтылықпен жүргізіліп жатқан келіссөздер жайында атап өтпесе де, Иран «жауларымен» іске келгенде өзінің ұстанымдары негізінде келісімге келу шараларын оңтайлы атқаруы тиіс екенін атап өтті.
Иран мен АҚШ көшбасшылары 1979 жылдан бері қандай да бір келіссөздер жасаған емес. Алайда, 2013 жылдың 27 қыркүйегінде АҚШ Президенті Барак Обама мен Иран Президенті Хасан Рухани арасында телефон арқылы әңгіме болды. Осыдан кейін екі елдің арасындағы қарым-қатынаста сең қозғала бастады.