Аяз салдарынан Өскемендегі көпірде жарық пайда болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде Защитинский көпірінде жарық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
None
None

Қалалық әкімдіктен мамандардың көпірді зерттегенін хабарлады. Ауа температурасының төмендігінен екінші тірек бөлігіндегі асфальтбетонды төсемде жарық пайда болғаны анықталды. Бұл ретте көпірдің салмақ түсетін конструкциясы зақымдалған жоқ.

«Көпір үстіндегі қозғалыс штаттық режимде жүріп жатыр. Қазіргі кезде асфальттің одан әрі бұзылуының алдын алу мақсатында жарыққа битум құйылған», - деп түсіндірді әкімдіктен.

Көпірді жөндеу бойынша негізгі жұмыстар көктемде жүргізіледі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Солтүстік аудандар 25 желтоқсаннан бастап түнгі уақытта ауа температурасының күрт төмендеуі божанған.



Авторы: Руслан Шақабаев
Соңғы жаңалықтар