11:53, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Аяздың салдарынан бүгін Қостанай мектептерінде сабақ болған жоқ
ҚОСТАНАЙ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай қаласының білім басқармасы бүгін бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сабақтың болмайтынын хабарлады. Сабақ қатты аязға байланысты тоқтатылып отыр.

Қостанай гидрометеорология орталығының ақпараты бойынша, бүгін түнде облыс аумағында 35 градусқа дейін аяз тіркелді. Аяздың беті қайтпаса, түстен кейін де сабақ болмауы ықтимал.