12:02, 17 Қараша 2016 | GMT +5
Аязға байланысты елордада екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды
Бұл туралы бүгін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан белгілі болды.

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды», -делінген ондағы хабарламада.
Осыған дейін Аязға байланысты Астана мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылғандығы хабарланған болатын.