Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева – Ливерпульде алтын үшін жұдырықтасады

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының (World Boxing) Ливерпульде (Англия) өтетін сегіз финалдық жекпе-жегі белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Айбек Оралбай
Фото: ҰОК

Бұл финалдардың екеуінде қазақстандық боксшылар бақ сынайды:

  • Ерлер арасында — Айбек Оралбай (90+ кг),

  • Әйелдер арасында — Аида Әбікеева (65 кг).

    Екеуі де Өзбекстан спортшыларымен кездеседі.

Финалдық жекпе-жектер тізімі:

Ерлер:

  • 60 кг – Абдумалик Халоков (Өзбекстан) vs Луис Габриэл де Оливейра (Бразилия)

  • 75 кг – Рами Киван (Болгария) vs Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)

  • 90 кг – Исаяс Сантос Рибейро Фильо (Бразилия) vs Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)

  • 90+ кг – Айбек Оралбай (Қазақстан) vs Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Әйелдер:

  • 57 кг – Юлия Шеремета (Польша) vs Жасмин (Үндістан)

  • 60 кг – Ребека де Лима Сантос (Бразилия) vs Анета Рыгельска (Польша)

  • 65 кг – Аида Әбікеева (Қазақстан) vs Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

  • 80+ кг – Нупур (Үндістан) vs Агата Качмарска (Польша)

Еске сала кетсек, бұған дейін Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына жолдама алған болатын.

Соңғы жаңалықтар