Айбек Оралбай ширек финалда жеңіліп қалды
ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында Айбек Оралбай ширек финалдағы айқасында жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады.

92 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Әзербайжан боксшысы Лорен Берто Альфонсо Домингестен айласын асыра алмады. Осылайша Айбек Оралбай Олимпиада ойындарын аяқтады.
Айбек Оралбай бірінші жекпе-жегін бірден 1/8 финалдан бастап, нигериялық боксшы Адам Олаорені жарыс жолынан шығарып, ширек финалға өткен болатын.
Осыдан бір сағат бұрын әйелдер арасында Назым Қызайбай екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ширек финалға шыққанын жазған едік.
Бүгін сондай-ақ, ерлер арасында тағы бір боксшымыз сынға түседі. 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы грузиялық Лаша Гурулимен қолғап түйістіреді.