«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша жеңімпаз «Жұмбақ арал» поэмасы –
Батырхан Сарсенхан;
«Үздік проза» номинациясы бойынша жеңімпаз «Тырнақ» әңгімесі –
Айгүл Кемелбаева;
«Үздік драматургия» номинациясы бойынша жеңімпаз «Мың мен жалғыз...» пьесасы –
Талғат Теменов;
«Үздік аударма» номинациясы бойынша жеңімпаз Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары –
Кенжебай Ахметов;
«Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша жеңімпаз «Іздер құпиясы» детективтік романы – Бекен Ыбырайым;
«Үздік комикс» номинациясы бойынша жеңімпаз «Жетпіс палуан» комиксі –
Жантас Набиоллаұлы;
«Үздік кітап дизайны» номинациясы бойынша жеңімпаз «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» – «Аmalbooks» баспасы.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні Алматы қаласы Жамбыл атындағы филармония залында сағат 16:00-де өтеді.