«Айбын» жиынына қатысушылар роботтар мен өздігінен ұшатын аппараттар жасады (ФОТО)

Бұл байқау барысында әр команда робот пен роботталған жүйенің үлгілерін көрсетті. Көрмеде 30-дан аса робот өнімдері көрсетілді. Олардың ішінде, мина іздегіш роботтар, өздігінен ұшатын аппараттарынан барлаушылар, әскери-әуе барлауына арналған квадрокоптерлер. Аталған роботтар көрермендер алдындағы тікелей эфирде өз мүмкіндіктері мен қызметтерін көрсетті.
Көрсетілген роботтардың барлығы жинау күрделілігі, жүктелген міндетті орындауы және пайдалы жұмысы жағынан бағаланды. Әр санат бойынша нақты ұпай жазылды. Ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталды.
Сонымен қатар «Менің ұшқышсыз ұшу аппаратым» байқауы кезінде қатысушылар өз араларында жарысты. Әуе кеңістігінде дронды ұзақ ұстап тұра алған қатысушы байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды. Осылайша, олардың ішінен үздік ондық іріктелді. Нұсқаушылар дрондармен қалай жұмыс жасау керектігін үйретті.
Жарысқа қатысушылар байқау басталар алдында аппараттарды басқару үшін тәжірибе жинақтады. Көрермендер үлкен экраннан тікелей эфирде өздерінің сүйікті командаларының жеңістерін бақылады. Аталған сынақ түрі барысында дрондар түрлі кедергілерден ұшты.
Сынақтың нәтижесінде дроны құламай барлық кедергілерден өткен жеңімпаздар үштігі анықталды. Салтанатты жабылу рәсімі кезінде қорғаныс ведомствасының басшысы Иманғали Тасмағамбетов «Қазақстан Инжиниринг» ҰҚ» АҚ өткізіп отырған робот техникалары мен ұшқышсыз ұшу аппаратарының көрмесін аралады. Көрме аясында әр қатысушы өз робот өнімінің құрастыру күрделілігін сипаттап қана қоймай, сонымен қоса оның мүмкіндіктері мен қызметтерін де көрсетті. Көрермендер алдында ұшқышсыз ұшу аппараттарының көрсетілімі өтті.
ҚР бірнеше мәрте чемпиондары және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары ұшақтар мен тікұшақтар үлгілерінде ұшуды көрсетті. «Менің роботым» байқауында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенті Дастан Рахатов, ал «Менің ұшқышсыз ұшу аппаратым» байқауында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушісі Қайсар Бердіғұлов жеңімпаз атанғанды.